Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған азамат 2 айға қамауға алынды

Тергеу соты күдіктіні сырттай қамау туралы прокурор шағымын қанағаттандырған

Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған азамат 2 айға қамауға алынды
Видеодан алынған кадр

Нұрболат Дәкебаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz.

Тергеу соты күдіктіні сырттай қамау туралы прокурор шағымын қанағаттандырған.

28 қаңтарда сот Нұрболат Дәкебаевқа қатысты сырттай екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпас шарасын тағайындады. Ол үкімге қарсы шағым түсірген жоқ, - деп хабарлады соттан.