Қазақ ғалымының өнертабысы World Summit Awards сыйлығының қысқа тізіміне енді

Қазақстандағы World Summit Awards сарапшысы Анатолий Кре­мен­чуцкий қысқа тізімге 60 елден 136 жоба енгізілгенін атап өтті.

Қазақ  ғалымының өнертабысы World Summit Awards сыйлығының қысқа тізіміне енді
turkystan.kz
1052

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ға­лы­мы Нұрзада Амангелдінің  өнер­­табысы World Summit Awards әлемдік байқауының 2023 жылғы қысқа  тізіміне енді. Бұл – БҰҰ бе­делді сыйлығының халық­ара­лық сарапшылары тарапынан ірік­телген жалғыз қазақстандық жо­ба. Байқауға барлығы 180-нен астам мемлекеттен иннова­ция­лық әзірлемелер ұсынылды.

Нұрзада Амангелдінің жобасы  Inclusion and emprowment номи­на­ция­сы бойынша ұсынылған 80 жаһан­дық инновациялық өнерта­быс­тың ішінен іріктеліп таңдалды. Ақ­параттық технологиялар факуль­тетінің «Жасанды интеллект тех­но­логиясы» кафедрасының аға оқыту­шысы қазақша ымдау тілін танудың қолжетімді жүйесін БҰҰ дүниежүзілік байқауына ұсынды. Бірегей әзірлеме жасанды интеллектке негізделген және қымбат сенсорларды, бірегей камераларды немесе супер­ком­пью­тер­лерді қажет етпейді. Қазақ ымдау ті­лінің автоматты сурдоаударма жүйе­сі есту және сөйлеу қабілеті бұ­зыл­ған адамдардың өмір сүру са­па­сын жақсартуға, олардың білім алу жә­не басқа да үрдістерге кедергісіз енуі­не бағытталған.
«Жобамызды World Summit Awards сарапшыларының мақұлдауы өнер­та­бысымыздың инновациялық құ­рам­дас бөлігіне үлкен сенім бар еке­нін көрсетеді. Егер жобамызға ха­­­лықаралық инвесторлардың наза­рын аудара алсақ, онда бұл біз үшін үл­кен жетістік болады», – дейді Нұр­за­да Амангелді.
Амангелді Нұрзада биыл Л.Гуми­лев атындағы ЕҰУ жылда тағайын­дай­тын Jana asu грантын екінші мәр­те иеленді. Университеттің бұл бас­­тамасы ғылыми қызмет нәти­же­­ле­рін коммерцияландыруға қолдау көр­сетуге бағытталған. 
Қазақстандағы World Summit Awards сарапшысы Анатолий Кре­мен­чуцкий қысқа тізімге 60 елден 136 жоба енгізілгенін атап өтті.
«2023 жылы World Summit Awards бай­­қауына Қазақстаннан 8 үміт­кері­міз болды. Бірақ бәсекелестік өте жо­­­­­ғары бол­ғандықтан, іріктеуден тек бір жоба ғана өтті. Байқаудың аралық қо­ры­тын­дысы 8 ақпанда белгілі бо­ла­ды. Келесі ке­зекте үміткерлердің қыс­қа тізіміне енген командалар Чи­лиге жаһандық конгреске барады. Үміт­керлердің әр­қай­сысына БҰҰ-дан, бас­қа үкіметтердің өкілдерінен және қа­зылар алқасының мүшелерінен шамамен 400 адамнан тұра­тын алаң ұсы­нылады. Командалар өз жоба­ла­рын таныстырады, содан кейін қа­зы­лар алқасы жеңімпазды анық­тайды», – деді World Summit Awards марапатының Қа­зақстандағы сарап­шысы Анатолий Кре­менчуцкий.
Айта кету керек, WSA байқауын Бірік­кен Ұлттар Ұйымы өткізеді және ха­лықаралық сарапшылар жаһандық маңызы бар ең жақсы инновациялық ше­шімдерді бағалайды. 

Серіктес жаңалықтары