Алматы полициясы көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырады.

Алматы полициясы көлік жүргізушілеріне үндеу жасады
inalmaty.kz

Алматы полиция департаменті (ПД) қардың түсуіне байланысты жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады.

Ауа райының нашарлауына және қар түріндегі жауын-шашынға байланысты алматылық тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырады.

«Осы үндеу негізінен қауіптілігі жоғары көлік құралдарын басқаратын қала жүргізушілеріне арналған. Біз оларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жүргізуші мәдениетін көрсетуге және мұқият болуға шақырамыз», - делінген Алматы қалалық ПД хабарламасында.