Солтүстік Корея 4 зымыран ұшырды

Солтүстік Корея 4 зымыран ұшырды

Солтүстік Корея 4 зымыран ұшырды
ашық дереккөзі
Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай 4 зымыран ұшырды, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Алдын ала таратылған мәліметтерге сүйенсек, ұшырылып отырған зымыран құрлықаралық баллистикалық зымыран болуы мүмкін. Жалпы, қазір Оңтүстік Кореяның қарулы күштері мен америкалық жауынгерлер бірлескен әскери оқу-жаттығуларын өткізіп жатыр. Осы ретте Солтүстік Корея қарап қалмай, бұған жауап қайтаруға дайын екенін жеткізген болатын. Естеріңізге сала кетсек, 12 ақпанда Пхеньян Жапон теңізіне қарай орташа қашықтыққа әсер ететін баллистикалық зымыран ұшырған еді. Осыдан кейін Еуроодақ мемлекетке қарсы жаңа санкциялар енгізген. Ал бұл жолғы әрекеті Жапония билігін алаңдатып отыр. Күншығыс елінің премьер-министрі ұлттық қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізетінін хабарлады. Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ: «Ұшырылған зымырандар Жапонияның арнайы экономикалық аймағына құлады. Салдарынан әуе және теңіз кемелеріне үлкен қауіп төнді. Осы арқылы олар БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің қарарын бұзып, қарсы әрекет жасап отыр. Қазір Оңтүстік Корея және АҚШ тарабымен бірге осы мәселеге қатысты ақпарат жинап жатырмыз», – деп атап өтті.