Ауа райына байланысты 5 облыста жол жабылды
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
5 облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
«1 ақпан сағат 11.30-дағы ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін шектеу енгізілді», - делінген хабарламада.
Жамбыл облысында – 2 учаске
1. «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен а.- Қайнар а.– 79 км.
2. «Алматы-Ташкент-Термез» 534-593 км, Айша Бибі а. – Түркістан обл. шек.– 59 км.
Қостанай облысында – 1 учаске
1. «Жезқазған-Петропавл» 252-335 км, Ұлытау обл. шек.-Арқалық қ. – 83 км.
Қызылорда облысында – 1 учаске
1. «Қызылорда-Павлодар» 12-216 км, Қызылорда қ.-Ұлытау обл. шек.– 204 км.
Түркістан облысында – 1 учаске
1. «Алматы-Ташкент-Термез» 593-652 км, Түркістан обл. шек.- Машат к.– 59 км.
Ұлытау облысында – 2 учаске
1.«Жезқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау к.-Қостанай обл. шек.– 115 км.
1.«Қызылорда-Павлодар» 216-410 км, Қызылорда обл. шек.-Талап а.– 194 км.
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 621 бірлік техника және 1096 жолшы жұмылдырылды.