Қызылорда облысында жаңа прокурор тағайындалды

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталған.

Қызылорда облысында жаңа прокурор тағайындалды
gov.kz

Мемлекет басшысының келісімі бойынша Бас Прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ризабек Кәрімұлы Ожаров Қызылорда облысының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ризабек Ожаров 1972 жылы дүниеге келген.

1996-2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет атқарған.

2017-2019 жылдары Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары, Алматы облысы прокурорының орынбасары лауазымдарында болған.

2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметін басқарған.

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталған.