Экс-министр Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзарды

Бұл туралы Астана қаласының соты мәлім етті.

Экс-министр Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзарды
ratel.kz

Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі ұзарды. 

Еске салсақ, Марат Бекетаев былтыр қараша айында лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілініп, ұсталған болатын. 

Өткен жылы 29 желтоқсанда экс-министрді қамауда ұстау мерзімі ұзарған болатын. Бұл жолы қамауда ұстау мерзімі 21 ақпанға дейін ұзарды.

"2024 жылғы 12 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Бекетаевқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 21 ақпанға дейін ұзартуға санкция берді", - делінген ведомство хабарламасында.