Алматыда тағы да 2 балдық жер сілкінісі тіркелді

Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

Алматыда тағы да 2 балдық жер сілкінісі тіркелді
Ашық дереккөз
879

Бүгін таңғы уақытта Алматыда екі рет жер дүмпуі сезілді. 

Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

Бірінші дүмпу сағат 03:03 кезінде болды.

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қытай аумағында. Афтершок. 

Зілзаланың энергетикалық санаты — 10.5. MPV магнитудасы — 4.5.

Тереңдігі — 10 шақырым.

Алматыда сезілген жоқ.

Екіншісі таңғы 04:27 кезінде Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде, Қытай аумағында тіркелді.

Энергетикалық санаты — 13.3. MPV магнитудасы — 5.8.

Тереңдігі — 10 шақырым.

Жер сілкінісі алматылықтарға 2 баллкөлемінде сезілді.  

Серіктес жаңалықтары