Қазақстандық боксшы спорттық мансабын аяқтағанын мәлімдеді

Ол мансабындағы жарқын сәттерін бір видеоға жинақтап, жариялады.

Қазақстандық боксшы спорттық мансабын аяқтағанын мәлімдеді
olympic.kz
1051

2023 жылы Нью-Делиде өткен әлем біріншілігінің қола медаль жүлдегері Надежда Рябец мансабын аяқтады. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.

Надежда мансабындағы жарқын сәттерін бір видеоға сыйдырып, жариялады.

 «Мансабымды аяқтадым. Иә, мен шынымен бокстан кете тұрамын. Өмірімнің ең керемет уақытын сарп еткім келмейді. Жақындарыммен бірге болғым келеді. 2023 жыл мен үшін шешуші жыл болды. Маған спортпен қоштасу қиынға соқты. Бокстан кетуіме спортшыға жақсы қарым-қатынастың жасалмауы себеп болды», - деп жазды ол.

Спортшы жазбасында басшылыққа наразы болғанын атап өтті.

«Қазір менде бәрі жақсы, өмірімді күннен күнге жақсартып, дамып жатырмын. Ал арман ше? Арманның күлі көкке ұшты. Мүмкін бәрі түзелген кезде спортқа қайтып оралармын», - деп жазды Рябец.

 

Серіктес жаңалықтары