Шымкентте жол үстінде трюктер жасаған жігіт жауапқа тартылды

Шымкентте автожолда болған «қойылымды» жас скутер жүргізушісі ұйымдастырған.

Шымкентте жол үстінде трюктер жасаған жігіт жауапқа тартылды
Видеодан кадр

Заң бұзушылықты полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

Ірі сауда орталығының алдындағы автожолда болған «қойылымды» жас скутер жүргізушісі ұйымдастырған.

Мотокөлікті бір дөңгелегін көтеріп, жылдамдықпен кері бұрылып басқарған жігіт бейнежазбаны өзінің парақшасында жариялаған.

Сақшылар кұқық бұзушыны анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 615-бабының 3-бөлігімен хаттама түзеді. Ер азаматтың жол қозғалысы ережелерін бірінші рет бұзбағаны және бір жылдан аз уақыт бұрын ұқсас жайт үшін жауапқа тартылғаны белгілі болды.