Алматыда жеңіл көлік автобусқа соғылып, бір адам қаза болды

Тиісті сараптамалар тағайындалды

Алматыда жеңіл көлік автобусқа соғылып, бір адам қаза болды
Видеодан алынған кадр
764

Алматыда жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, төрт адам жарақат алды, деп жазады turkystan.kz Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жол апаты 27 қаңтар таңғы сағат 09:00–де Алатау ауданында болған. 

Chevrolet автокөлігінің жүргізушісі, 2003 жылы туған азамат И. Емцов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, рульге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен де, автобуспен соқтығысқан. 

Оқиға салдарынан жеңіл машина жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Автобустың төрт жолаушысы медициналық көмекке жүгінді.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары