793
Жетісуда жол апатынан үш адам көз жұмды
Ведомство жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды
Алакөл ауданында Алматы-Өскемен тасжолының 568 шақырымында адам өліміне әкелген жол көлік апаты болып, үш адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.
Алдын ала болжам бойынша, Toyota Carina E көлік жүргізушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, Mercedes Benz көлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан екі жүргізуші, сонымен бірге Toyota Carina E жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған, — деп жазды өңірдегі полиция департаментінен.
Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Ведомство жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.