Жазушы Жылқыбай Жағыпарұлы өмірден өтті

Ол республикалық «Тіл және мәдениет» қоғамының құрылуына мұрындық болған

Жазушы Жылқыбай Жағыпарұлы өмірден өтті
gov.kz

Танымал журналист, қаламгер Жылқыбай Жағыпарұлы дүниеден өтті.

Жылқыбай Жағыпарұлы 1954 жылдың 11 қыркүйегінде Қарағанды облысы Қарқаралыда дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген соң, Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінде 30 жылға жуық еңбек етті. 2005-2007 жылдары республикалық «Ел» газетінің бас редакторы болды. 2007 жылдан бастап зейнет жасына жеткенге дейін, республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінде қызмет атқарды.