Ринат Зайытов маңызды хабарлама жасады

Ол Алматыда шығармашылық кешін өткізбек

Ринат Зайытов маңызды хабарлама жасады
Әлеуметтік желіден

Ринат Зайытов 10 ақпанда Алматыда "Абайлаңыздар" атты поэзиялық ән кешін өткізбек, деп хабарлады turkystan.kz.

Әуелден өнер адамы екенім бәріңізге аян. Бірақ өмірдің бұралаң жолы мені саясат сахнасына алып келді. Бүгінде әр күнім кешегі көрерменді сағынумен өтеді. Кейінгі он айда есіме түсетін бақытты сәттерім аса көп емес. Сондай сәттердің ең тәттісі осыдан екі жыл бұрын өткен шығармашылық кешім. Содан бері қарбалас жұмыстардан уақыт үнемдеп, сіздермен тағы бір жүздесудің ретін келтіруге барымды салудамын. Шүкір. Оның да орайы келген сияқты, - деп жазды ол желідегі парақшасында.