Атырау облысында жол апатынан 32 жастағы жүргізуші қаза тапты

Көлік жүргізушісінің жылдамдықты шамадан тыс асыру дерегі «Кибер-Шериф» құрылғысы арқылы анықталған

Атырау облысында жол апатынан 32 жастағы жүргізуші қаза тапты
Атырау облыстық полиция департаменті
854

Атырау облысында жеңіл көлік жол жиегінде аударылып қалды. Жол апатынан 32 жастағы жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, жол-көлік оқиғасы 26 қаңтарда сағат 19:00 шамасында болған. 

«Республикалық маңызы бар Атырау-Орал тас жолының 154-шақырымы тұсында Lada Granta автокөлігі аударылды. Тексеру кезінде 1992 жылғы жүргізушісінің рульге ие бола алмағаны анықталды. Жүргізуші оқиға орнында қаза тапты.

Көлік жүргізушісінің 24 қаңтар күні жылдамдықты шамадан тыс асыру дерегі «Кибер-Шериф» құрылғысы арқылы анықталған. Жүргізушіге жылдамдықты 133 км/сағатқа дейін асырғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 592-бабының 2-бөлігімен хаттама толтырылған», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары