Алматыдан бірнеше шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісінің эпицентрі Қытайдың аумағында Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде орналасқан

Алматыдан бірнеше шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
Ашық дереккөз
894

Алматының оңтүстік-шығысында тағы бір жер сілкінісі болды, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Жер сілкінісі сейсмикалық станциялар желісінде 27 қаңтарда сағат 06.37-де Алматы уақытымен тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қытайдың аумағында Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.9. MPV магнитудасы 4.6. Эпицентрдің координаттары 40.97° С. Е. 78.43° ш. б. жату тереңдігі - бес километр. Сезілгені туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): ҚР аумағында сезілген жоқ.

26 қаңтарда осы ауданда бірнеше жер асты дүмпулері тіркелді. Алматы уақыты бойынша 16.00, 12.05, 11.40 және 10.36. Олардың магнитудасы 5-тен аспады. 

Серіктес жаңалықтары