Қайрат Түнтеков алғаш рет келіншегі жайлы сыр шертті
Әнші «1001 түн» бағдарламасына сұхбат берді.
Танымал эстрада әншісі, халықаралық байқаулардың жүлдегері Қайрат Түнтеков алғаш рет жұбайы туралы айтты.
«Жарым мен қызым – өнердегі алғашқы қолдаушыларым. Әйелім ауылдың қызы. Өнерге қатысы жоқ. Ештеңемен айналыспайды. Үй шаруасындағы әйел. Кішкентай қызыма қарап отыр. Менің әндерімнің алғашқы тыңдарманы. Бірінші сол кісі мен ата-анам тыңдайды. Біз ата-анамыздан бөлек тұрамыз. Өйткені кезінде Алматыда бөлек тұрып, үйреніп қалдым. Еркіндікті ұнатамын. Ол кісілер де біледі. «Бізге кеп тұрсаң болды» дейді. Әке-шешем жасы кеп қалған, қарт адамдар. Менің өнерім қызыма дарыған. Ән десе ішкен асын жерге қояды. Болашақта өнер адамы болады-ау деп ойлаймын. Бірақ сахнада жүргенін қаламаймын», – дейді өнер иесі.
Сонымен қатар әнші шығармашылығындағы соңғы жаңалығын бөлісіп, Алматы мен Астанада концерт бергісі келетінін де айтты.