242
Өзбек ақыны Ташкент әуежайына Каримовтың есімін беруге қарсы шықты
Өзбек ақыны Ташкент әуежайына Каримовтың есімін беруге қарсы шықты
Өзбекстанның халық ақыны Жамол Камол ел президенті Шавкат Мирзияевтан Ташкенттегі халықаралық әуежайға бірінші президент Ислам Каримовтың есімін беруге қарсы. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.
"Осы орынды ма? Оның есімін Ташкент халықаралық әуежайына беру - артық кеткендік болар", - деді ол Eltuz.com сайтына. Еске сала кетейік, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 25 қаңтарда республиканың алғашқы президенті Ислам Каримовтың есімін ұлықтау туралы жарлыққа қол қойды. Құжат бойынша, елдегі бірқатар нысан мен мекемеге соның аты беріледі. Олардың арасында Ташкент техникалық университеті, Асактағы автомобиль зауыты, Ферғанадағы Өнер сарайы, Ташкенттегі халықаралық әуежай бар. Оның үстіне, президент жарлығына сәйкес, Өзбекстанда жыл сайын Каримовтың туған күні (30 қаңтар) атап өтіледі, ал 2 қыркүйек - Бірінші президентті еске алу күні деп жарияланды. Өзбекстанды 26 жыл билеген Ислам Каримов 2016 жылы 2 қыркүйекте 78 жасында қайтыс болған еді.