Белгілі жас ақын өмірден өтті

Ол бірқатар облыстық, республикалық жыр додаларының жеңімпазы болған.

Белгілі жас ақын өмірден өтті
Instagram

Белгілі айтыскер ақын Сәттібай Жүнісов қайтыс болды.

Бұл туралы «Теміртау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мекемесі Instagram-дағы парақшасында мәлім етті.

Арқаның ардақты азаматы, ақын Сәттібай Жүнісовтың қайтыс болуына байланысты, жақындары мен туғандарына қайғыларына ортақ екенімізді білдіріп, көңіл айтамыз. Теміртау қаласында өтетін айтыстың шегерілгенін ескертеміз. Қосымша хабарлаймыз, - делінген хабарламада.

Сәттібай Темірғалиұлы Жүнісов 1981 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ескене ауылында дүниеге келген.

1998 жылы Атасу орта мектебін тәмамдап, сол жылы Қарағанды мемлекеттік Е.А. Бөкетов атындағы университеті филология факультетіне оқуға қабылданып, 2002 жылы бітірген.

Студенттік мүшайралардың жеңімпазы. 

Махамбеттің 200-жылдық мерейтойына орай өткізілген облыстық ақындар мүшайрасының жүлдегері. 

Қ.Аманжоловтың 90-жылдық мерейтойына орай өткізілген облыстық ақындар мүшайрасының жүлдегері. 

Бірқатар облыстық, республикалық жыр додаларының жеңімпазы болған.