1336
Ғазизхан Шекербеков өз әнін орындайтындарға қоятын талабын айтты
Ол бұл туралы REVUE NEWS бағдарламасына берген сұхбатында айтып берді.
Танымал эстарада әншісі, композитор Ғазизхан Шекербеков өз туындыларын орындайтын адамды тыңдап көретінін мәлім етті.
«Әнді сұрайтыны бар, сұрамайтыны бар. Жақын араласатын болғандықтан, кейде рұқсатымды беремін. Жалпы тыңдап көремін. Жақсы болса, айта бер деймін. Ал онша емес болса, тиіспей-ақ қойшы деймін.
Кейде танымайтындар орындап жатады ғой. Бір шетінен қуанасың, әніңді ұнатып тұрғанына. Бір шетінен сол әнмен оның да тыңдарманын тауып, өнерде бағы жанып кетуіне себепкер боласың. Өкпе, ренішім жоқ. Қатты кірісіп, бейнебаян түсіріп, иеленіп кетсе, ренжуім мүмкін. Кавер ретінде орындауына қарсы емеспін», - деді Шекербеков.