Өскемендіктер сағат тілін кері жылжытуға қарсы шықты

Өскемендіктер онсыз да 5-ші сағат белдеуінде орналасқанын айтып дабыл қағуда.

Өскемендіктер сағат тілін кері жылжытуға қарсы шықты
ашық дереккөз
802

Өскемендіктер сағат тілін кері жылжытуға қарсы. Себебі жұрт шығыста онсыз да таң ерте атып, күн ерте бататынын айтады. Бұл туралы turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Сондықтан қоғамдық талқылауда тұрғындар басқа сағат белдеуіне ауыспауды талап етті.

«Бір сағат кері жылжысақ, бұл бізге қолайсыз. Өйткені жұмыстан қараңғыда шығамыз. Онсыз да күн шығыстан шыққандықтан, таң ерте атады. Ал күн тез батады. Кешіріңіздер, сонда қараңғыда жұмыстан келіп, бау-бақшаны суғарудың өзі қолайсыз», – деді Ольга Савинова

Биыл еліміздің 15 өңірінде сағат тілін кері жылжытуға шешім қабылданған. 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні уақыт бір сағатқа шегеріледі. Ал өскемендіктер онсыз да 5-ші сағат белдеуінде орналасқанын айтып дабыл қағуда. Өйткені қыстың күні шығыста кешкі сағат бесте қараңғы болады. Сондықтан жұрт сағат тілін кері жылжыту қолайсыз дейді. Алайда мамандар уақытты кері жылжыту денсаулыққа пайдалы деп отыр. Тіпті миымыз тынығып, науқас саны кемиді дейді.

«Бірінші кезекте бала денсаулығына жақсы. Біз қазір бала ашушаң дейміз.Не себепті ашушаң? Өйткені біз балаларды оянбай тұрып, таң алдында мәжбүрлеп сабаққа отырғызамыз. Ол баланың жағдайы қандай болатынын білесіз. Екінші мәселе, онкологиялық ауруларда осының үлесі аз емес. Үшінші мәселе — жол апаттары», – деді Уақыт өлшемі бойынша жұмыс тобының мүшесі Болат Нұрғожаев.


 

Серіктес жаңалықтары