Алматыда жедел желі іске қосылды

Штабтар аумақтық деңгейде де құрылды.

Алматыда жедел желі іске қосылды
ашық дереккөз

Алматылықтар үшін жедел желі іске қосылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Мына нөмірлерге хабарласуға болады: 8 727 278 20 83 және 8 727 278 20 84.

Штабтар аумақтық деңгейде де құрылды. Бұл штабтарда Төтенше Жағдайлар министрлігі, аумақтық бөлімшелер мен медицина және апаттар орталығының психологтарын тарта отырып, жедел желі телефондары ұйымдастырылған.

Еске салсақ, бұған дейін алматылықтар жер сілкінісін сезгені хабарланған болатын.Тұрғындар үйлеріндегі жиһаздардың теңселген видеоларымен де бөлісті. Қала көшелерінде көлік кептелісі, жанармай құю станцияларында көлік кезегі байқалды.