Жамбыл облысында 2 теміржолшыны пойыз басып кетті

ҚТЖ қызметкерлердің отбасына қажетті көмекті көрсетеді.

Жамбыл облысында 2 теміржолшыны пойыз басып кетті
ҚТЖ
1533

Жамбыл облысында Жиделі-Бірлік учаскесінде пойыз апаты болды. 

2024 жылдың 21 қаңтарында таңғы сағат 07:27 кезінде Шығанақ-Шу учаскесінің Жиделі-Бірлік учаскесінде екі теміржолшыны пойыз басып кеткен. 

Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқанымен көлікті тоқтату мүмкін болмады.

«Бүкіл мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы аттанды. Тергеу басталды. ҚТЖ қызметкерлердің отбасына көңіл айтып, оларға қажетті көмекті көрсетеді», - деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.  

Серіктес жаңалықтары