Екі адам мерт болды: Қарағандыда жеңіл көлік пойыздың астына түскен

Апат бүгін, 21 қаңтарда таңертең болды

Екі адам мерт болды: Қарағандыда жеңіл көлік пойыздың астына түскен
Видеодан алынған кадр
1372

Қарағандыда автокөлік жүргізушісі жабық шлагбаумды елемей, темір жолға шығып кетіп, жол-көлік оқиғасына себепкер болды. Апат салдарынан екі адам қайтыс болып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады turkystan.kz Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"31 жастағы "Лада Приора" автокөлігінің жүргізушісі Саран тас жолымен Костенко шахтасы жағынан “Тойота орталығына" қарай келе жатып, реттелетін теміржол өткелінде жабық шлагбаумды айналып өтіп, тепловоз жүріп бара жатқан теміржол өткеліне шығып кеткен. Апат салдарынан автокөліктің екі жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Автокөліктің жүргізушісі және тағы үш жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді", - делінген хабарламада.

Аталмыш іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тепловоздан бейнебақылау камераларының жазбалары алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары