Семейде жастар караокенің алдында жаппай төбелесіп қалған

Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды

Семейде жастар караокенің алдында жаппай төбелесіп қалған
Ашық дереккөз

Семейде болған жаппай төбелес видеоға түсіп қалды, деп хабарлады turkystan.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға 20 қаңтарда түнгі уақытта караоке-бардың алдында болған. Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды.

"Қазіргі уақытта кінәлі адамдар ұсталды, олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Төбелескендер арасында қаза тапқандар жоқ", - дейді ПД өкілдері.