270
Сағадиев "Қазақ тілі" мен "Қазақ тарихы" мамандықтарына қатысты мәлімдеме жасады
Сағадиев "Қазақ тілі" мен "Қазақ тарихы" мамандықтарына қатысты мәлімдеме жасады
ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жоғары оқу орындарында бірқатар мамандықтың жабылғаны туралы әлеуметтік желілерде тарап кеткен ақпаратқа байланысты видеоүндеу жариялады, деп xабарлайды Baq.kz ведомствоның фейсбуктегі парақшасында жарияланған.
«Соңғы кезде сіздер Интернет желісінде ҚР БҒМ-нің мамандықтар классификаторындағы «Қазақ тілі», «Қазақ əдебиеті», «Қазақ тарихы», «Лингвистика», «Шығыстану» сынды мамандықтарды жоғары оқу орындарынан алып тастағаны туралы, немесе ҚР БҒМ «Серпін» жобасының жұмысын тоқтатып, министр Сағадиев еліміздің ЖОО-да ежелгі қазақ тарихы кафедраларын жауып, осы пəннің жүргізілуін доғарғаны туралы ақпаратты кездестіруіңіз мүмкін.