4 облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Бұл туралы Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы мәлім етті
4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz.
Ақтөбе облысында - 2 учаске
«Ақтөбе-Атырау-Астрахань» 255-330 км, Қарауылкелді ауылы - Атырау облысының шекарасы - 75 км.
«Ақтөбе-Атырау-Астрахань» 185-255 км, Шұбаркұдық ауылы - Қарауылкелді ауыл – 70 км.
(бұрқасын, шектеулі көрініс)
Жамбыл облысында - 1 учаске
«Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен ауылы Қайнар ауылы - 79 км.
(қар аралас жаңбыр, екпінді жел, тұман, шектеулі көрініс).
Жетісу облысында – 1 учаске
«Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма станциясы -Достық станциясы – 100 км.
(тұман, шектеулі көрініс).
Батыс Қазақстан облысында – 6 учаске
«Орал-Тасқала-РФшек.» 4-104 км, Орал қаласы - РФ шекарасы – 100 км.
«Атырау-Орал» 375-492 км, Чапаево ауылы - Орал қаласы – 117км.
«Чапаево-Жалпақтал-Казталовка» 0-213 км, Чапаево ауылы - Казталовка ауылы – 213 км.
«Казталовка-Жәнібек-РФ шекарасы» 0-158 Казталовка ауылы - Жәнібек ауылы – 158км.
«Подстепное-Федоровка РФ шекарасы» 0-36 км, Подстепное ауылы - Федоровка ауылы – 36 км.
(екпінді жел, бұрқасын, шектеулі көрініс).
«Самара-Шымкент» 195-246 км, РФ шекарасы - Орал қаласы – 51 км.
«Осы уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 289 бірлік техника және 460 жолшы жұмылдырылды», - делінген хабарламада.