Ерлан Сағадиев отставкаға кете ме?

Ерлан Сағадиев отставкаға кете ме?

Ерлан Сағадиев отставкаға кете ме?
ашық дереккөзі
225
Парламентте өткен отырыстан кейін журналистер министр Ерлан Сағадиевке әлеуметтік желідегі жұрттың оның отставкаға кетуін сұрап жатқанын айтты.»Мұндай арандатушы сұрақтар қоймаңыздар. Оны шешетін Президент. Президент айтса кетемін», — деп жауап берді тілшілердің сұрағына министр. Айта кетейік, қоғам белсенділері министр Ерлан Сағадиевтің отставкаға кетуін талап етіп, әлеуметтік желілерде жарыса жазып жатыр. Осыған дейін үштілділік, жоғары оқу орындарында ежелгі қазақ тарихының алынып тасталғаны аздай, енді Білім және ғылым министрінің бұйрығымен жоғары және одан кейінгі оқу орындарындағы мамандықтар тізімінен «Қазақ тілі», «Қазақ əдебиеті», «Қазақ тарихы», «Лингвистика», «Шығыстану» сияқты мамандықтар алынып тасталынды деген ақпарат тарады. Сағадиев жетекшілік еткен министрлік қазақ ұлтын, тілін жоюға бағытталған бастамасына наразылық білдірген еліміздің бір топ ғалымы Марат Тәжин, Гүлшара Әбдіқалықова мен Бақытжан Сағынтаевтың атына ашық хат жолдаған. Бірақ министрдің өзі мұны бүгін жоққа шығарды. Ол бұл туралы естімегенін айтып, алыпқашпа әңгімелерге сенбеуді сұрады.

Серіктес жаңалықтары