ШҚО-да бүркітшілерді даярлау орталығы ашылады
Ал бүркітшілерді аты әлемге танылған Айшолпан Нұрғайып жаттықтырады.
Ел шығысында бүркітшілерді даярлау орталығы ашылады. Аңшыларға арналған этноауыл Ұлан ауданының таулы аймағында орналасады деп хабарлады turkystan.kz Хабар24-ке сілтеме жасап.
Осылайша бүркіт баптап, саят құруға ниет еткен азаматтарғы қолайлы жағдай жасалады. Орталық маңында келушілерге арналған демалыс орны салынады деген жоспар бар. Ал бүркітшілерді аты әлемге танылған Айшолпан Нұрғайып жаттықтырады. Бүркітші қыз жыртқыш құстарды өсіру тәжірибесімен де бөліседі.
Айта кетейік, Айшолпан халықаралық дәрежедегі құсбегілер жарыстарында талай рет жеңіске жеткен. Бүгінде елімізде құсбегілікпен кәсіби деңгейде айналысатын жүзден астам тұрғын бар.
Біздің мақсатымыз қазақтың салт-дәстүрін дәріптеу, насихаттау. Яғни артымыздағы жастарға үлгі болу. Сонымен қатар шетелдегі туристерді Қазақстанға тарту жоспарымыз бар. Қазақстанның салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын көрсеткіміз келеді, - деді бүркітші Айшолпан Нұрғайып.