«Мектеп оқулығында Қайрат Нұртас жайлы тапсырма берілген» – министрлік түсінік берді

Желі қолданушысы танымал әншінің аты математика пәнінде жүргенін айтқан.

«Мектеп оқулығында Қайрат Нұртас жайлы тапсырма берілген» – министрлік түсінік берді
astanatv.kz

Әлеуметтік желіде мектеп оқулықтарында Қайрат Нұртас туралы тапсырманың жүргені туралы ақпарат тарады. Бұл жайтқа қатысты министрлік өкілдері Sputnik Қазақстан агенттігінің тілшісіне жауап берген. 

«Олжас Беркімбай деген кісі өзінің әлеуметтік парақшасында «Қайрат Нұртас мектеп оқулықтарында жүр» деп жариялаған. Қазір ол ақпаратты Олжас Беркімбай алып тастады. Негізі бұл ақпарат – мұғалімнің жеке өзі құрастырған тапсырма», - дейді министрлік.

Желі қолданушысы танымал әншінің аты математика пәнінде жүргенін айтқан.

«Суретте көрсетілген «Құрылымы күрделі теңдеулер» тақырыбы бойынша берілген тапсырма – мұғалімнің қалыпты бағалауға әзірлеген жеке тапсырмасы. Ал қолданыстағы 3-сыныптың «Математика» оқулығында Қайрат Нұртас туралы тапсырма жоқ», - деп министрлік оқулықтың фотосын жіберді.