Сәкен Майғазиев ата-аналарға өтініш айтты

Әнші қарғыс туралы пікір білдірді.

Сәкен Майғазиев ата-аналарға өтініш айтты
ашық дереккөз
1411

Өнер иесі жазбасында ашуланғанда балаларына қандай ауыр сөз айтатынына тоқталды, деп хабарлады turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Кейде кейбіріміз құлыншақтарымыз құтырып кетсе, бұзықтық жасап, шектен шығып жатса, (абайламай) қарғап-сілеп жатамыз. Мынау тентек сенің балаң ба десе: «Ия, бұл әкең... бұзық, сотқар, жынды, бандит, xулиган...», деп қалатынымыз да жасырын емес. Балаларымызға ұрысқанда да, «Өсіп-өнгір, тұқымың көбейгір, көктеп-көгергір, жапырағың жайқалғыр...», деп «қарғайық». Имандым, саналым, ақылдым, білімдім, батырым т.с.с жақсы сөздермен еркелетейік», – деп кеңес айтты әнші.

Сондай-ақ, әнші қарғыстың қабыл болғаны туралы мысал келтірді.

«1984 жылдан бері бас имам міндетін атқарған әл-Судайс «Анамның «қарғысымен» имам болдым» деп еске алады: «Кішкентай кезімде тентектік жасасам анам маған ашуланып, «Қағбаға имам болғыр, Судайс» дейтін. Анамның осы «қарғысы» маған берген ең жақсы батасы болып шықты. Өскенде, Қағбаға имам болдым» деген екен. Алла тағала баршамызға салиx ұрпақ нәсіп еткей», – деп жазды өнер иесі.

Серіктес жаңалықтары