Жанар Айжанова жолдасы қайтыс болғаннан кейін қысым көргенін айтты

Бұл туралы «Adal adam» youtube арнасына берген сұхбатында айтты

Жанар Айжанова жолдасы қайтыс болғаннан кейін қысым көргенін айтты
ашық дереккөз
2740

Танымал әнші, актриса Жанар Айжанова басына түскен ауыр оқиғасын еске алды. 

Өнер иесінің бірінші күйеуі қайтыс болғанда қызы шақалақ күйінде қалған.

«Баяғыда бір қызық оқиға болған. Сол кезде қатты қорланып едім. Қазір күліп еске аламын. Жолдасым қайтыс болған уақыт. Қызым қырқынан шығып та үлгермеген. Бір күні үйге ауылдағы өзімнен 4-5 жас кіші жігіт келді. Намаз оқитын молдалықтан хабары бар еді. Өзі сақал өсіріп алған. Онысы 4-5 дана ғана, соны аузына салып отыр. Күйеуімнің қайтыс болғанына жыл да толған жоқ. «Жанар, сен күнәһарсың. Күйеуі өлген әйел 90 күннен кейін күйеуге шығуы керек» деп соғып отыр. Мен қатты қорланып, үйден қуып шықтым. Сонда маған «күйеуге ти» деп ақыл айтуға келген. Дәстүрлі діннен адасқан адамның түрі», – деп еске алады әнші. 

Серіктес жаңалықтары