сәрсенбі, 9 сәуір, 2025

Президент Түркістан облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді

/
Akorda
Алдын ала есеп бойынша былтыр жалпы өңірлік өнім көлемі 3,8 трлн теңге болған.

Мемлекет басшысына Түркістан облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді. 

Өткен жылдың қорытындысы бойынша аймақтың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінде оң динамика байқалады.

  • Атап айтқанда, өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 2,5% өсіп, 1 трлн теңгеден асқан. Өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін жалпы сомасы 30,2 млрд теңге болатын 20 жоба іске қосылып, 594 жаңа жұмыс орны ашылған;
  • Алдағы 5 жылда өңірдің өз кірісін 100 млрд теңгеге арттыру жоспарланып отыр.
  • Алдын ала есеп бойынша былтыр жалпы өңірлік өнім көлемі 3,8 трлн теңге болған.
  • Ал ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 1,1 трлн теңгені құраған. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр.
  • Саланы әртараптандыру нәтижесінде 3,3 млн тонна көкөніс, бақша өнімдері жиналды. Бұл — рекордтық көрсеткіш.
  • Ауыл шаруашылығында өнім көлемін арттыруға, суды үнемдеуге ықпал ететін жаңа әдіс-тәсілдер мен технологиялар енгізіліп жатыр.
  • Облыстағы кәсіпкерлік субъектілерінің саны 211 мыңға жетіп, 1,6 трлн теңгенің өнімі өндірілген.
  • Облыста жалпы сомасы 407,5 млрд теңге болатын құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 898,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.
  • Үш мыңға жуық отбасы баспаналы болды.
  • Былтыр бюджет есебінен 35 мектептің құрылысы жүргізіліп, 20 мектеп ашылды.
  • «Жайлы мектеп» жобасы аясында облыста үш жыл ішінде 49 мың оқушыға арналған 63 мектеп салынады.
  • Өткен жылы облыстағы 20 елді мекенге жаңадан ауызсу құбыры тартылды. Тоғыз ауылдағы ескірген су тарту жүйелері жаңартылды.
  • 62 газбен қамту нысанының құрылысы аяқталып, 48 елді мекенге көгілдір отын жеткізілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне халықтың әл-ауқатын арттыру, өңірдің экономикалық жағдайын жақсарту жөнінде берген тапсырмаларын жүйелі әрі сапалы орындау қажет екенін айтты.

Сондай-ақ Түркістан өңірін дамыту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. 

Бөлісу: