Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Жаңа туған нәрестелерге Әлінұр, Айсана, Айлана есімдері берілді.
Төлеби ауданына қарасты Көксәйек ауылдық округінің 40 жастағы тұрғыны Гаухар Бегалиева үш нәрестені өмірге алып келді.
Келіншек өмірге екі қыз бен бір ұл алып келді. Нәрестелердің салмағы — 1875, 1735, 2040 грамм.
Бүгін Нұрмаханбетовтер отбасы үлкен қуанышқа бөленді. Төле би ауданының әкімі Төлеген Телғараев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров отбасына арнайы барып, дүниеге келген үшемге құтты болсын айтты. Аудан басшысы сәбилерге арба мен қажетті гигиеналық заттар сыйға тартты.
Жаңа туған нәрестелерге Әлінұр, Айсана, Айлана есімдері берілді.
Бұған дейін бір ұл мен бір қыз тәрбиелеп отырған шаңырақ осылайша көпбалалы отбасы қатарына қосылды. Анасы аудандық емханада медбике болса, әкесі №3 Көксәйек арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында санитар боп қызмет атқарады.