Астана әуежайында 11 рейс кешіктіріліп, тағы үш рейс тоқтатылды, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Астана әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 қаңтарда 11 рейс кешіктіріліп, Астанадан Алматыға, Жезқазған және Түркістанға ұшатын үш рейс әуекомпанияның шешімімен тоқтатылды.
"Кешіктірілген және тоқтатылған рейстер метео жағдайға байланысты емес", - делінген хабарламада.
Астана әуежайында ауа райы қазір ұшуға және қонуға қолайлы.
Әуеайлақтағы ауа температурасы - 18 градус суық. Желдің жылдамдығы - 12м/с.