1586
Қайрат Түнтеков Димаш Құдайберген екеуін салыстыратындарға жауап берді
Өнер иесі Димаштың стилі операға жақын екенін айтты
Әнші Қайрат Түнтеков "Saltanat live" youtube-арнасына берген сұхбатында Димаш Құдайберген екеуін салыстыратындарға жауап берді, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Өнер иесі Димаштың стилі операға жақын екенін атап өтті.
"Мен попса жанрында орындадым, Димаштың стилі операға жақын, екеуміз де жақсы айтып шықтық, сондықтан неге салыстыратынын түсінбеймін. Кейіннен бұл әнді айтуға қорқатын болдым, нақтырағы, мүлде айтпаймын. Себебі сөздері ауыр – өлім туралы. Кейбіреулер вальс билеп жатады, тойда орындауымды да сұрайтындар бар. Ол кезде әннің тарихын түсіндіріп, бас тартамын", - деді әнші.