Бүгін – Дінмұхамед Қонаевтың туған күні

Ол 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген

Бүгін – Дінмұхамед Қонаевтың туған күні
ашық дереккөз

Бүгін – қазақ тарихындағы ең ірі тұлғалардың бірі, мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың (1912-1993) туған күні.

Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында дүниеге келген.

Қазақстан ҒА академигі (1952), техникалық ғылымдардың докторы (1969), үш мәрте Социалистік Еңбек Ері (1972,1976,1982).

Дінмұхамед Қонаевтың әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыс істеген. Өте сауатты адам болған. Анасы Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан.

1936 жылы - Институтты бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д.Қонаев 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болды.

1939 жылы - «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі - Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.

1939 жылы - КОКП мүшелігіне қабылданды.

1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды.

1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.

1960-1986 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.

1956 жылдан бастап, СОКП-ның Орталық Комитетінің мүшесі. Партияның XXIII-съезінде ол КОКП-ның Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал XXIV-съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды.

 Адалдығымен ел есінде қалған Дінмұхамед Қонаев 1993 жылы тамыз айында 82-ге қараған шағында өмірден өтті.