"Алматы-Орал" рейсі шұғыл Ақтөбеге қонды

"Алматы-Орал" рейсі шұғыл Ақтөбеге қонды

"Алматы-Орал" рейсі шұғыл Ақтөбеге қонды
ашық дереккөзі
272
Алматыдан Орал қаласына бағыт алған ұшақ бүгін шұғыл түрде Ақтөбе қаласына қонды. Төтенше жағдайдың себеп-салдарын анықтау мақсатында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері зерттеу жүргізуде.  ҚР Иинвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі көлік апаттары мен оқиғаларын тексеру департаментінің өкілдері осы мәселе бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп жатқандығын атап өтті. «Эйр Астана» әуе компаниясының «Алматы-Орал» бағытымен ұшқан ұшағының борттағы компьютері двигательде ақау бар екендігін көрсеткен. Сол себепті экипаж мүшелері Ақтөбеге қону қажет деген шешім қабылдады. Осы уақытта ұшақ қажетті жеріне сәтті қонып үлгерді. Енді министрлікте аталмыш оқиғаның себеп-салдарын анықтау бойынша арнайы комиссия құрылуда», – деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. Айта кетейік, Денис Кривошеев әлеуметтік желі арқылы «Эйр Астана» әуе компаниясының ұшағы Алматы (10:22) - Орал (12:25) бағытымен ұшып шыққандығы, сапар барысында «дабыл» белгісі берілгендігі туралы жазды. Экипаж мүшелері Ақтөбеге жету жөнінде шешім қабылдаған. Бортында 76 жолаушысы бар ұшақ 12 сағат 40 минутта қажетті жеріне сәтті қонған.

Серіктес жаңалықтары