Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасын тағайындады

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасын тағайындады
akorda.kz

Асхат Оразбай Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Халықаралық Аралды құтқару қорының Президенті, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды», – делінген хабарламада.