«Өмірге үш бала әкелдім»: Баян Алагөзова ел білмейтін сырын айтты

Оның айтуынша, Айсәуле дүниеге әкелген екінші перзенті.

«Өмірге үш бала әкелдім»: Баян Алагөзова ел білмейтін сырын айтты
видеодан алынған кадр
1065

Қазақстандық танымал продюсер, актриса Баян Алагөзова бағдарламалардың бірінде берген сұхбатында ешкімге айтпаған құпиясын бөлісті.

Сұхбат барысында ол 19 жасында күйеуге шығып, 20 жасында жүкті болғанын айтты.

«Үш рет құрсақ көтердім. Өмірге үш бала әкелдім. Айсәуленің алдында бір бала шетінеп кетті. Айсәуле – екінші перзентім. Тұңғыш баламның жүрегі отыз алты аптаға жақындағанда тоқтап қалды. Бұл менің алғашқы күйзелісім еді. Физикалық тұрғыдан өте ауыр болды, өлген баланы босану үшін он күндей жүрдім»,– деді ол.

Оның айтуынша, өлген баланы жатырдан тазалау үшін ол кезде медицина дамымаған.

«Дәрігерлер ата-анамнан «егер бірдеңе бола қалса, ешқандай шағым түсірмейміз», деп қолхат жаздырып алды. Өлген баланы он күн бойы ішімде көтеріп жүрдім, сол үшін инфекция тарамасын деп екпе сала берді. Сосын он күннен кейін босандым. Бірақ үш айдан кейін Айсәулеге қайта жүкті болдым», – дейді Баян Мақсатқызы.

Серіктес жаңалықтары