Елордадағы мектептердің бірінде тарақан қаптап кеткен (ВИДЕО)

Дезинфекциялау жұмыстары балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сабақтан кейін, кешкі уақытта жүргізіледі.

Елордадағы мектептердің бірінде тарақан қаптап кеткен (ВИДЕО)
pricom.kz

Астанадағы мектептердің бірінде тарақан қаптап кеткен, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz  сайтына сілтеме жасап.

Аталған жағдайға қатысты Астана қаласы білім басқармасы  хабарлауынша, мектеп ғимаратын соңғы рет дезинфекциялау 2023 жылдың 15 желтоқсанында жүргізілген

«№73 мектеп-лицейінде ай сайын жалпы санитарлық дезинфекция жүргізіледі. Желтоқсан айында санитарлық тазарту жұмыстарын дұрыс жүргізбегендіктен санитарлық тазалау қызметін ұсынатын мердігер компанияға талап-арыз жолданатын болады. Білім беру мекемесін, оның ішінде жертөлелерді толық дезинфекциялау 2024 жылдың 12 қаңтарына жоспарлануда. Қазіргі уақытта жәндіктер табылған киім ауыстыратын бөлме басқа бөлмеге ауыстырылған», - делінген хабарламада. 

Білім басқармасының мәліметінше, дезинфекциялау жұмыстары балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сабақтан кейін, кешкі уақытта жүргізіледі.