197
Қытайдың павильоны «ЭКСПО» көрмесінің үздігі атануы мүмкін
Қытайдың павильоны «ЭКСПО» көрмесінің үздігі атануы мүмкін
Аспан асты елінің павильоны «ЭКСПО» көрмесінде үздіктер қатарынан табылуы мүмкін. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэймен кездесуінде Ұлттық компания басшысы Ахметжан Есімов мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.
Қытай - күллі әлем көз тіккен көрмеге қатысуды ресми растаған алғашқы елдердің бірі. Аспан асты елінің «Жасыл» экономика саласында бағындырған жетістіктері шаш-етектен екенін атап өткен жөн. Елші Чжан Ханьхуэй отандастарының Астанада өтетін бұл шараға ерекше қызығушылық танытып отырғанын алға тартты. Қытай үкіметі Қазақстанға келушілерге қай тұрғыдан да қолдау көрсетуге ниетті.
Айта кетейік, Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин «Экспо» көрмесінің ашылуына қатысуға ниетті.