Енді Facebook-тан сериал көруге болады

Енді Facebook-тан сериал көруге болады

Енді Facebook-тан сериал көруге болады
ашық дереккөзі
300
Facebook басшылығы әлеуметтік желінің жеке видеоконтентін шығаруға ниетті. Бұл туралы жобамен таныс дереккөзге сілтеме жасап Wall Street Journal жазды деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Компания аптасына бір рет шоу форматында 30 минуттық роликтер, бағдарламалар немесе сериалдар көрсетуді жоспарлауда. Тақырыптар жаңалықтар емес, негізінен спорт, ғылым, поп-мәдениет, өмір стилі, видеоойынды қамтиды. Бір видеоны шығаруға Facebook 500 мың доллар бөлуді жоспарлауда. Қызықты видеоконтент жасау үшін әлеуметтік желіге қазір ТВ деңгейінде эксклюзивті жобамен жұмыс істеп жатқан CollegeHumor сайтының бірлесіп негізін қалаған Рик Ван Вин, MTV музыкалық телеарнасының бұрынғы топ-менеджері Мина Лефивре, YouTube және Google Play музыкалық әріптестігі бойынша бұрынғы директор Тамар Хривнак қосылды. Бұдан бұрын Марк Цукерберг Facebook базасында жаһандық қоғамдастық қалыптастыру үшін әлеуметтік инфрақұрылымды дамытумен айналысуға ниетті екені айтқан еді.  

Серіктес жаңалықтары