Шымкентте ұялы телефон ұрлағандар санаулы минутта ұсталды

Келтірілген шығын көлемі 450 мың теңгені құрады.

Шымкентте ұялы телефон ұрлағандар санаулы минутта ұсталды
polisia.kz

Шымкентте тауар сөресінен iPhone ұрлағандар санаулы минутта ұсталды,  деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға кешкі уақытта қаладағы электроника дүкендерінің бірінде болған. Жалған сатып алушылар айналасында адам болмаған сәтті пайдаланып, сатушының тауар сөресінде қалған телефонын ұрлап кеткен.

«Смартфонын жоғалтқан дүкен қызметкері оқиға туралы дереу Әл-Фараби ауданының полиция басқармасына хабарлаған. Келтірілген шығын көлемі 450 мың теңгені құрады. Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктілерді санаулы минуттарда анықтап, ұстады», – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда полицейлер бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабымен тергеу жүргізіп жатыр.