Тұман, көктайғақ: 2 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Ертең ауа райы қандай болады?
2 қаңтарда бірнеше өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлады turkystan.kz.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Шымкентте кей уақытта тұман күтіледі.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с.
Астанада бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың батысында, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты қар күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысында бұрқасын, облыстың оңтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Қостанай облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, түнде облыстың шығысында 23-28 м/с күтіледі.
Жетісу облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақыттарда 25 м/с, Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.