Жаңа жыл қарсаңында талдықорғандықтар дәмханада жаппай төбелес шығарды

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ

Жаңа жыл қарсаңында талдықорғандықтар дәмханада жаппай төбелес шығарды
Zakon.kz
1171

Бүгін әлеуметтік желіде Талдықорғандағы дәмханалардың бірінде түсірілген жаппай төбелестің видеосы тарады, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Видеоға қатысты облыстық полиция департаменті түсінік берді. Оқиға Жаңа жылды тойлау кезінде емес, бірнеше күн бұрын болғаны белгілі болды.

«Бұл дерек 29 желтоқсанда Талдықорғанда тіркелді. Оқиға орнына жеткен полиция жасағы жанжалға қатысқандарды қалалық басқармаға жеткізді», - деп хабарлады Zakon.kz тілшісіне Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Облыстық полицейлер жаппай төбелестің салдарынан зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары