Жәмила Бақбергенова күрестен әлемдік рейтингіде көш бастады

Бақбергенова қазан айында Қытайда өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Жәмила Бақбергенова күрестен әлемдік рейтингіде көш бастады
Видеодан алынған кадр

Жәмила Бақбергенова UWW тұжырымы бойынша еркін күрестен 2023 жылдың қорытынды рейтингінде 72 келіге дейінгі салмақта үздік атанды, деп хабарлады turkystan.kz.

Жәмила спорттық карьерасында үшінші рет Азия чемпионатында жеңіске жетсе, ал қыркүйекте Сербияда өткен әлем турнирінде қола жүлдені жеңді.

Бақбергенова қазан айында Қытайда өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Рейтингідегі ұпай спортшылардың әлем чемпионаттарына, құрлықтық турнирлерге, Азия ойындарына, Панамерикандық ойындарға және төрт рейтинг сериясына қатысқаны және алған орны үшін беріледі.