Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегі 2023 жылғы ең мықты жекпе-жек рейтингіне кірді

Шавкат Рахмоновтың (18-0) америкалық Джефф Нилмен өткен жекпе-жегі рейтингіге енді.

Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегі 2023 жылғы ең мықты жекпе-жек рейтингіне кірді
Фото: ©twitter.com/connerburks

Спорт туралы жазатын ресейлік «Чемпионат» сайты 2023 жылы өткен ММА-ден ең мықты жекпе-жектер рейтінгін жасады, деп хабарлады  turkystan.kz

Vesti.kz-тің жазуынша, бұл тізімге қазақстандық Шавкат Рахмоновтың (18-0) америкалық Джефф Нилмен өткен жекпе-жегі де кіріпті.

«Шавкат Рахмонов 2023 жылдың басында соққысы мықты Джефф Нилмен кездесуге мүмкіндік алды. Қазақстандық анық фаворит еді, бірақ іс жүзінде Шавкатта қиындықтар туындады. Рахмонов белдеспей, аяқта тік тұрып соққы алмасуға тырысты. Осылайша, тамаша айқас көрсеткісі келді. Солай болды да, екі файтер де бір-бірін есеңгірете отырып, үшінші раундқа дейін жетті. Одан кейін Рахмонов тұрған күйінде сабмишен жасады», - деп жазады басылым.