Марат Бекетаевты қамауға алу мерзімі бір айға ұзартылды

Бұл туралы ақпаратты Астана сотының баспасөз қызметі растады.

Марат Бекетаевты қамауға алу мерзімі бір айға ұзартылды
ашық дереккөз
1174

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың қамауға алу мерзімі бір айға ұзартылды.

Бұл туралы ақпаратты Астана сотының баспасөз қызметі растады.

«Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Бекетаев М.-ға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылдың 21 қаңтарына дейін ұзартуға санкция берді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Бекетаевтың «мемлекетке аса ірі көлемде зиян келтіргені» үшін лауазымын асыра пайдаланғаны үшін ықтимал жазадан құтылу үшін Ыстамбұлға, одан әрі Лондонға ұшып кетпек болғаны белгілі болған.

Серіктес жаңалықтары