Астанада жаппай жүгіруден өтетін жаңажылдық жарыстың бағыты өзгерді
Алғашқы 1000 қатысушы арнайы медальмен марапатталады.
Елордада 31 желтоқсанда жаңажылдық жаппай жүгіру өтеді. Қатысушылар үшін маршрут сәл өзгертілді, деп хабарлады turkystan.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Жаппай жүгіру шарасы Астанада Жаңа жыл қарсаңында өткелі отыр.
Қатысушылар 2024 метр қашықтықты бағындыруды жоспарлап отыр.
«Жарыс 31 желтоқсанда Ботаникалық бақтан (Ақмешіт көшесінен) басталып, ЭКСПО-дағы бас шыршада аяқталады. Жарыс 21:00-де басталады. Сағат 20:00-ден бастап алғашқы 1000 қатысушыға арнайы кеуде номерлері жарыс өтетін жерде беріледі», – делінген хабарламада.
Жарыс алдында фитнес-жаттықтырушымен дене шынықтыру және түрлі бағдарламалар ұйымдастырылады. Барлық қатысушылары арасында жаңажылдық лотереяның жүлделері ойнатылады.
Алғашқы 1000 қатысушы арнайы медальмен марапатталады.
«Барлығын жарысқа қатысуға шақырамыз. Спорттық бөлім аяқталғаннан кейін бас шырша аумағында концерттік бағдарлама, лотерея және марапаттау рәсімі өтеді. Жарыс өтетін күні сағат 20.40-тан 21.30-ға дейін Ұлы Дала даңғылы Ақмешіт қиылысынан бастап, картада көрсетілген бағыт бойынша жартылай жабылатындығын ескертеміз», – делінген хабарламада.